"Путиннің өлімі": Зеленский украин халқының Рождество қарсаңында не тілейтінін айтты
Фото: president.gov.ua
Владимир Зеленский украин халқына арналған рождестволық үндеуінде мереке күні Украина өңірлеріне жасалған соққылар үшін Ресей әскерін "құдайсыз" деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украина президенті 25 желтоқсанға қараған түні жасаған рождестволық телеүндеуінде украин халқының Рождество мейрамында "Путинге өлім тілейтінін" меңзеді.
“Бүгін бәріміздің арманымыз бір. Барлығымыз бір ғана тілек тілейміз: “Өліп қалса екен” деп әрқайсымыз ішімізден айтамыз. Бірақ Құдайдан сұраған кезде, әрине, кеңірек тілейміз. Украина үшін бейбітшілік сұраймыз”, – деді Зеленский.
Сондай-ақ Зеленский Ресей әскерінің мереке қарсаңындағы шабуылдарын айыптады.
“Рождество қарсаңында орыстар өздерінің шын мәнінде кім екенін тағы бір мәрте көрсетті. Жаппай атқылаулар, жүздеген “шахед”, баллистикалық зымырандар, “Кинжалдар” бәрі болды. Құдайсыздар осылай соққы жасайды. Христиандыққа да, жалпы адамзаттық құндылықтарға да еш қатысы жоқ адамдар осылай әрекет етеді”, – деді Украина президенті.
Зеленский "украин халқы Путиннің өлімін тілейді" деп тікелей айтпағанымен, оның сөздері Кремльде ашулы реакция тудырды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл сөздерді “әдепсіз әрі өшпенділікке толы” деп бағалап, Зеленскийді “ақылға қонымсыз адам” деп атады.
“Оның қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған ақылға қонымды шешімдер қабылдай алу қабілеті бар ма деген сұрақ туындайды”, – деді Песков.
Еске салсақ, бұған дейін Зеленский Трамптың үндеуінен соң 60–90 күн ішінде сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеп, өз шарттарын атаған еді.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті