Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путинді фашист деп атаған Ақтөбе тұрғыны сот алдында жауап беруде

29 қараша күні 46 жастағы Facebook желісінің белсенді қолданушысы Санат Досов сот алдында жауап берді. Ол желідегі парақшасында Ресей президенті Путинге қатысты жағымсыз пікірлер мен жазбалар қалдырған.

236971494

“Путин елді бұзады. Ел оны түсінген соң жағдайды түзеу қиын болады. Орыстар, өз жеріңіздегі фашизмге тоқтау қойыңдар”, – деп жазады Досов. Ол орыс халқына тіл тигізерлік жазба да жазған.

Арнайы қызметтегілердің тексерісі бойынша, Досов өткен жылы да істі болған. Онымен Семей тұрғыны сөйлесіп, 2016 жылы ІІМ-ге Досовтың атына шағым жазған.

Енді Санат Досов “Телекоммуникация арқылы әлеуметтік, ұлтараздық, діни алауыздық, ұлтына қатысты жеке басына тіл тигізу” бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Досов жазбалардың кейбірін өзі жазып мойындағанын, ал басқа жазбалардың өзіне қатысы жоқ екенін айтады. Айтуынша хакерлер оның парақшасын бұзған болуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Қайырымды жастар науқас баланы сүйікті әншісі Тиматимен кездестірді

Көріпкел Закира Тұрсынова Тәжікстанда жәрдемге мұқтаж жандарға үй салып берді

Қазақстандық Интерпол өкілдігінің экс-басшысы қайынатасымен үй үшін соттасуда

Семей тұрғыны ренжітіп алған сүйіктісінен ерекше жолмен кешірім сұрады (фото)

Талқылау