Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин шұғыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kremlin.ru

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс "жаһандық сипаттағы элементтерге" ие бола бастады.

Путин 19 қарашада Украина қарулы күштері Брянск облысындағы нысаналарға алты ATACMS зымыранымен және 21 қарашада Курск облысында Storm Shadow жүйелерімен шабуыл жасағанын айтты.

Сөзінше, Ресейге соққы жасау үшін ұзақ қашықтықтағы снарядтарды олар жасалған елдердің мамандарынсыз ұшыру мүмкін емес.


Украина ATACMS зымырандарын пайдаланса, Ресей АҚШ-ты соғысқа тікелей қатысты деп есептейді – Ресей СІМ


"Біз өзімізді қаруларын бізге қарсы қолдануға мүмкіндік берген елдердің әскери нысандарына қарсы шабуыл жасауға құқылымыз деп санаймыз. Ал агрессивті әрекеттер күшейген жағдайда біз де батыл жауап береміз", – деді Путин. 

Сондай-ақ Путин Мәскеудің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды одан әрі орналастыру мәселесі АҚШ пен серіктестерінің әрекетіне байланысты шешілетінін мәлімдеді.

"Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасалатын нысаналарды таңдағанда, біз бейбіт тұрғындарға алдын ала хабарлап, сол жақта жүрген достас мемлекеттердің азаматтарынан қауіпті аймақтардан кетуді сұраймыз", – деді Путин.

Сонымен қатар Путин ең жаңа орта қашықтыққа ұшатын "Орешник" зымыранының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл зымырандарды ұстай алмайды. Өйткені олар нысанаға секундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен шабуыл жасайды.

"Орешник" зымыран жүйесі НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ұрыс жағдайында сынақтан өткізілген. Путин соңғы зымыран жүйелерін одан әрі сынау кезінде соққы жасалатын нысаналар Ресейге төнген қауіп-қатерлерге байланысты анықталатынын баса айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

Талқылау