Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

​​​​​​​Путин Украинадағы бейбіт тұрғындардың өліміне өзін жауапты сезінбейтінін мәлімдеді

Фото: tass.ru

Путин Украинадағы бейбіт тұрғындардың өліміне өзін жауапты сезінбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Америкалық NBC телеарнасының тілшісі Кир Симмонс “Тікелей желі” барысында Владимир Путинге "Украинадағы жалғасып жатқан адам өлімдері үшін өзініңзді жауапты сезінесіз бе" деген сұрақ қойды.

“Біз адамдардың өліміне өзімізді жауапты деп есептемейміз, өйткені соғысты біз бастаған жоқпыз”, – деп жауап берді Путин.

Осыдан кейін Ресей президенті жауапкершілік Мәскеудің емес, Украина, Еуропа мен АҚШ-тың мойнында деген пікірін қайталады.

Сондай-ақ Путин бейбіт бастамалардан ешқашан бас тартпағанын атап өтті. Ол Дональд Трамппен жүргізген келіссөздерін еске алып, Аляскадағы кездесуде бейбіт ұсыныстардың біріне келіскенін айтты.

“Біз бірдеңені жоққа шығарып жатыр деу, мүлде дұрыс емес әрі негізсіз. Қазір бастама толықтай біздің қарсыластарымыздың, ең алдымен Киев режимі мен олардың батыстық демеушілерінің қолында”, – деді Путин.

Еске салсақ, бұған дейін Путин Ресейдің “тарихи аумақтарын” әскери жолмен басып алуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 21:09