Путин Тоқаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Кремльдің таратқан ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

“Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Орыс-қазақ одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға және барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге өзара бейімділік расталды. Бұған дейін Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған еді”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.
- "Мен бұны өте дұрыс деп есептеймін": Мәжіліс төрағасы Тоқаевтың Ресейге жұмыс сапары жайлы айтты
- Сын, петиция, талап: Қазақстанда депутатты мәжілістен қандай жағдайда қууға болады
Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Тоқаевтың мерейтойын тойламайтынын айтқан. Қазір мемлекет басшысы Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі