Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин: Сирияның мемлекет ретінде аман қалуы Ресей әскерінің арқасы

Сирия үкіметінің әскері ДАИШ лаңкестерінен соңғы қаланы азат етті.

Осы жеңістен кейін Владимир Путин Башар Асадпен кездесіп, Сирияның мемлекет ретінде аман қалуы Ресей әскерінің арқасы деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 31 арна.

Сирия әскерилері жақтастарымен бірігіп Иракпен шекаралас аймақта орналасқан Әбу-Кемал қаласын шабуылмен алды. Қазір ұрыс маңайдағы шағын елді-мекендерде ғана жүріп жатыр. Ал азат етілген қалада жихадшылар қалдырып кеткен миналарды залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Сирия президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Сочиге ұшып келді.

“Ресей әскерінің арқасында Сирия мемлекеттігін сақтап қалды. Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін қыруар жұмыс атқарылды. Терроризммен күресте соңғы нүкте қойылатын күн де таяу”, – дейді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында тағы бір ер адам 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталуда

Елімізде Тәуелсіздік мейрамынан бұрын Жаңа Жылға қызу дайындалып жатыр

Шымкенттік келіншек өзін бұрынғы әкімнің зорлағанын айтып мәлімдеме жасады

Талқылау