Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин өзінің тікұшағына оқ атылғанын және мұрнының қалай сынғанын айтып берді

Журналист Андрей Кондрашев «Одноклассники» желісіндегі парақшасында «Путин» фильмін жариялады. Деректі фильмде РФ президенті балалық шағы және қандай қауіпті жағдайларға тап болғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

РФ президенті бала күнінде сотқар болғанын мойындады. Тіпті, осы бұзықтығы үшін  пионерлер қатарына қабылданбапты. Алайда артынан түзеліп, жауынгерлік өнермен айналысып, оқу үлгерімін жақсартқан.

Бастапқыда спортта қиындықтарға тап болыпты. Путин бокстан жаттығуларға барып жүрген кезінде мұрнын сындырып алған. Болашақ президент мұрны жазылғанша самбомен айналысуды жөн көріпті.

Ал ата-анасы оның күреспен айналысқанын мүлдем қаламаған. Олар балаларының музыкаға сүйіспеншілігін оятуға тырысып, тіпті, баян сыйлапты.

Путиннің сөзінше, ол бірнеше рет қауіпті жағдайға тап болған. Бірде Шешенстанға барған президенттің тікұшағына оқ атылған.

«Жаңа жыл болғандықтан, отшашу  атылып жатқан болар деп ойладым. Мұнан кейін ұшқыштар: «Қайдағы отшашу? Бізге оқ жаудырып жатыр», – деді», – деп мойындады Владимир Путин.

Оқи отырыңыз:

Балаларын тұншықтырып алудан қорыққан әйел кеудесін кішірейту үшін ота жасатпақ

Визасыз тәртіп енгізілгеніне қарамастан, екі отандасымыз Дубайға жете алмай қалды

Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін

Танымал актриса сүйіктісі үшін ислам дінін қабылдап, тұрмысқа шықты

Талқылау