Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пугачеваны өлсе де олай шешіндірмейді": Әріптестері әуежай қызметкеріне қол көтерген Мұрат Құсайыновты ақтап шықты

"Дос Мұқасан" тобының негізін қалаушылардың бірі Мұрат Құсайыновты әріптестері ақтап алды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мұрат

Қазақстандық эстрадада тағы да үлкен дау. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Құсайынов шу шығарды. Әуежайда бортсерікті соққыға жықты деген айып тағылған өнер иесіне сахнадағы әріптестері қолдау көрсетті. Солардың бірі - Мақпал Жүнісова. Өзінің басынан мұндай жағдайдың талайы өткенін айтты.

"Бәрі айтып жатыр, қозғамай-ақ қойсаңдаршы, қайтесіңдер деп. Бортсеріктің талайын көріп жүрмін. Ол менің басымнан да өткен. Мені ұшаққа отырғызбай қойған кездер де болды. Біз ұшаққа жарылғыш алып бармаймыз ғой. Олар танып тұрса да, танымағансып, енді қайтейін, анау болса не істейін деген көкіректі қою керек. Адамды сыйлай білген жөн. Пугачева келген кезде сөйтіп шешіндіре ме бізде? Өлсе де шешіндірмейді. Қызыл кілемді төсейді де лимузинға салып алып кетеді. Бәріне заң бірдей", - дейді қазақтың ерке қызы.

Ал, Құсайынов мырзаның әуежай қызметкерлерімен сөзге келгені рас болса да, бортсерікті ұрды деген жалған ақпаратқа сенбейтін Айдар Тұрғанбек сыйластықты талап етеді.

"Қол көтерді дегенге сенбеймін. Аяқ киіміңді, белдігіңді шеш деп айтатындай емес. Ол кісі таниды ғой, сыйластық болу керек", - дейді Айдар.

Өнер жұлдыздары Мирас пен Құралай Мұрат Құсайыновтың әрекетін дұрыс деп есептейді. Бұл жағдай өнерде жүргендіктен орын алып отыруы мүмкін дейді жұлдызды жұп.

"Қалай болғанда да Мұрат ағамыздікі дұрыс деп ойлаймын. Себебі, адал, тік адам. Өнерде жүрген соң көпшілікке тез тарап кетті. Біреу шаршап келе жатуы мүмкін, бортсерікке қатты сөйлеп қалса болды, ұрды деп, үлкен нәрсе жасап жіберуі ықтимал", - дейді Мирас.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Сәуір, 2019 11:40