"Псориаздан айығып кетесіз деп сендірді": Жарнамаға алданған қазақстандық әйел жансақтаудан бір-ақ шықты

Псориаздан айықтырамыз деген уәдемен сатылған "Дермонин" қоспасын қабылдаған қазақстандықтың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскен. Мамандар мұндай препараттарды дәрігер кеңесінсіз қолдану қауіпті екенін ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Turkistan TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарнамасы желіде желдей есіп жүрген дәріні ішіп, жансақтау бөлімінен бір ақ шықты. Псориаз дертіне дауа іздеген Динара Қожаназара интернет дүкеннің жалған сөзіне алданып, ауруын одан әрі асқындырып алған.
Жарнамада мақтаған дәрінің атауы дермонин. Демде жанын қинап бара жатқан соң Динара Қожаназарова осы дәрімен емделіпті. Препаратты сататындар да екі аптаның ішінде ауруыңнан құлан таза айығасың деп сендірген. Қыруар қаражатын беріп, дәріні ішіп көрген соң Динараның жағдайы күрт нашарлаған. Денесіндегі жарасы бірден көбейіп, ыстығы көтеріліп, жансақтау бөлімінен шыққан.
“Қазір осы дәріні алып, осындай жағдайда душар болып отырмын. Мұндай қатты көп емес еді денемде. Денемде бір екі жерінде ғана бар еді. Соны ұлғайтып, асқындырып алдым. Жаралар да көбейіп кетті. Басқа жерге барып, 10 күн жатып келген соң тәуір болып қалдым. Қазір бетімдегі жаралардың көбі қайтты”, – деді Динара.
Дермонин биологиялық белсенді қоспа. Оның терідегі жараны емдеуі екіталай дейді маман. Оның үстіне дәрігердің рецептінсіз қолданылған кез келген дәрі сырқатты асқындырып алуға себеп болатынын айтады.Оның айтуынша, әлемдік медицинада псориаз ауруының емі табылған жоқ.
“Бұл кісі ең басында мамандарға жүгініп, ем алғаны дұрыс еді. Жалпы кеңесім, осы псориаз ауруына шалдыққандар арнайы маманға жүгінген дұрыс. Бұл маусымдық ауру. Көбіне көктем және қыс айларында асқынып кетеді. Сол уақытта да емін қабылдап отырған дұрыс. Сонымен қатар амбулаториялық ем шараларын қабылдаған жөн”, – деді дерматовенерелог Индира Нұрмағамбетқызы.
Динараның айтуынша, бұл ауруымен 5 айдан бері күресіп келеді. Өз бетімен емделіп көргісі келген ол қызыл жарнамаға сенген.
“Сатушылар бұл ауруыңыз өмір бақиға кетіп қалады. Денеңізден жоқ болып ктееді деді. 3 ай қабылдайсыз деді. Сосын оларға әзірге 1 айдікін ішіп көрейін деп айттым. 1 айдікін қайтесіз, қайта қайт шығын қылып, қазір менде акция болып жатқанда алып қалыңыз деп сендірді”, – дейді Динара.
Динара кейін дүкенге шағымданған соң оны сатышуылар қара тізімге енгізіп тастаған екен. Кейін өздері үшты күйлі жоғалған.
Ал Түркістан облыстық санитарлық эпидемиялық бақылау департаментінің өкілі Бейбіт Қазыбеков қалай шағымдануға болатынын түсіндірді.
“Дәрінің қабында және сыртында олардың мекенжайы, құрамы тұрады. Сол жерде сатып алған жерді санитарлық эпидемиялық бақылау департаментіне шағымдана алады. Сатып алынған мекенжайы бойынша. Дәлелді негіздемелерін ұсына отырып, сол жерде заң аясында шағымдана алады. Содан кейін мемлекеттік орган тексеріс жүргізіп, материалдық шығын өндріре алды”, – деді Бейбіт Қазыбеков.
- БАД ішіп емделмек болған: Алматылық әйелдің денесінен салмағы 25 келі болатын қатерлі ісік алынды
- "Дозасы 10 есе көп": Алматы тұрғыны танымал жеке клиникада салынған дәріден кейін қызы өлім аузынан қалғанын айтты
Еске салайық, бұған дейін депутат медициналық білімі жоқ блогерлердің денсаулыққа қатысы бар өнімдерді жарналамауына тыйым салуды ұсынды. Сенат депутаты Геннадий Шиповских әлеуметтік желілерде медициналық өнімдерді кәсіби білімі жоқ адамдардың жарнамалауына қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жарнамадан блогерлер пайда көреді, ал денсаулыққа келетін зиянды тұтынушылар тартады. Депутат қауіпті жарнаманы шектеуді, блогерлердің жауапкершілігін күшейтуді және Meta, TikTok сияқты платформалармен бірлесіп бақылауды күшейтуді ұсынды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды