Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог жөн-жосықсыз қызғаныш сезімінен арылудың жолдарын айтты

Серігін себепсіз қызғанатын адамдар өзін-өзі ”іштей жеп” жанындағы адамға сенім арта алмайтын дәрежеге дейін жетіп жатады. Психолог маман аталмыш мәселенің шешімін тауып, қызғаныштан арылудың жолдарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Маманның айтуынша, жөн-жосықсыз қызғаныш сезімінен оның пайда болу себебін түсініп барып қана арылуға болады. Қызғаныш сезімі күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. Сәйкесінше, қызғаншақ адам серігін үнемі бақылауда ұстағысы келеді. Ерлі-зайыптының арасындағы мұндай қарым-қатынастың соңы эмоционалдық және физикалық зорлық-зомбылыққа әкеліп соғады деп санайды психолог.

Адам бойындағы бұл жағымсыз әдетке өзі өсіп-өнген отбасындағы жағдайлар себеп болатын көрінеді. 

“Егер ерлі-зайыптының бірі қатты қызғаншақ болса және оның соңы ажырасумен аяқталса, бала басқа адамдардан қорқатын болады, “Сыртқы жағдайлардың әсерінен жақын адамды жоғалтып аламын ба?” деген қорқынышпен өседі. Есейе келе ол қызғаншақ адамға айналады”, – дейді психолог Елена Грязнова.

Кейде жанындағы серігі өзіне сенімсіздік танытқандықтан, адам өзін-өзі бағалауды қояды. Жұбына өзін лайық көрмей жатады. Бұл жағдай да қызғаныш сезіміне себеп болады. Психолог мұндайда өзін-өзі бағалап үйрену арқылы ғана қызғаныштан арылуға болатынын айтады.

Маман аталмыш деструктивті сезіммен күресу үшін ең алдымен оны бақылауды ұстап үйрену қажет дейді. Мысалы, жағдайға байланысты өзіңізге “Мұның алдында не болды?", "Бұл шынымен менің қарым-қатынасыма қауіп төндіреді ме?", "Мен үшін қауіпті ме?", "Қазір мен өзімді қалай сезінемін?" деген сияқты сұрақтар қойсаңыз, жауабын табасыз. Жөн-жосықсыз қызғаныштың себебін тапқанда психолог маманның көмегімен одан түбейгелі арылуға болады екен.

Талқылау