Псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды
Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық дін істері басқармасы.

2017 жылдың қазанында жүргізілген діни сараптама қорытындысы бойынша, Қарағанды әкімдігі Дарын Мұбаровтың заңсыз миссионерлік қызметіне қарсы талап-арыз берген болатын. Аталмыш арызға сәйкес, Қарағанды қаласының ауданаралық мамандандырылған соты ҚР Әкімшілік құқыз бұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша Дарын Мүбаровты жауапкершілікке тартты. Алайда, уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасады.
4 қаңтарда өткен сараптама нәтижесі бойынша облыстық сот ауданаралық соттың шешімін өзгерткен жоқ. Шешімге сәйкес, Мүбаров енді 70 АЕК көлемінде айыппұл және 112348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндетті.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған үш баланың анасы қаза тапты
Қызы: "Дені сау адам өз аяғымен таза талдауларымен клиникаға кірген еді"
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”