Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурорлар “екі алғандар” мен “бес алғандар” деп бөлінетін болады

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов прокурорлардың “екі алғандар” мен “бес алғандардың” реестрін жасақтауды тапсырды.

20160714170256

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қызметкердің әрқайсысы әр іске жеке жауапкершілік танытуы тиіс. Екі реестрді енгізуден бастаймыз. Біріншісі – анық бұзушылықтар. Екіншісі – оң тәжірибе реестрі. Бастама танытқан, үлгі көрсеткендер – “бес алғандардың” қатарына, ал мемлекеттік айыптауды сапасыз қорғап шыққан, іске немқұрайлылық танытқан прокурорлар – “екі алғандардың” реестріне енгізіледі. Басшылық та тыс қалмайды, олар да қол астындағы қызметкерлері бойынша бағаланады”, – деді Ж. Асанов ведомствоның жартыжылдық қорытындысын шығаруға арналған алқа мәжілісінде.

“Жалаң статистикаға қызмет етуге үйреніп алғанбыз. Сандардың аржағында адамдар барын ұмытып кетеміз. Бұл түсінік кеңес заманынан бері санада бекіп қалған. Барлықтарына осы жағдай ыңғайлы сияқты. Талдау жасауға ми ауыртып қажеті жоқ. Барлығын түбегейлі өзгерту қажет”, – деп атап өтті Бас прокурор.

Талқылау