Прокурор Мұхтар Әбілязовті 20 жыл түрмеге қамауды талап етті
Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «БТА банкі» АҚ-тың бұрынғы топ менеджерлері Әблязовке, Жарымбетовке және басқаларына қатысты қылмыстық істі сотқа дейін тергеуді жалғастыруда.
Мемлекеттік айыптау бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов пен БТА Банк ісі бойынша басқа да сотталушыларға ұзақ жаза мерзімін сұрады, деп хабарлайды Sputnik.
“Әбілязов Мұхтар Қабылұлын ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес 20 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілей отырып, 300 АЕК айыппұл салуға және 3 жылға дейін банкте қызмет етуіне тыйым салуды сұраймын”, – деді прокурор.
Тергеу барысында 2200 том іс материалы қаралған. 500 беттік айыптау қорытындысы үш күн бойы оқылды. Прокурор өз сөзінде Әблязовтың іс-әрекеті әлемдік қауымдастық алдында елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіргенін атап өтті. Оның қорытындысы бойынша, Әблязовтың қылмыстық схемасы мынандай болған: әуелі инвесторлар мен салымшыларды тарту үшін банк капиталы өсірілген, содан кейін қаражат тартылып, әрі қарай бақылаудағы компанияларды несиелеу арқылы шығарылған.
Сотталушылар қатарында: БТА Банк төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша бұрынғы директор Қайрат Садықов және басқарманың бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш. Олардың бәрі аса ірі көлемде қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сәдуақас пен Жақсылық Жарымбетов айыбын толығымен мойындады, ал Қайрат Садықов кінәсін жартылай мойындаған.
Прокурор Әблязовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жарымбетов пен Мәмешті шартты түрде үш жылға соттауды, Садықовты 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен бірге, мемлекеттік айыптау сотталушылардан банк келтірген шығынды өндіріп алуды сұрап отыр.