Прокурор баласының еміне деп 1,3 миллиард теңге ақша жинаған астаналық ерлі-зайыптыны 7 жылға соттауды сұрады

Фото: Видеодан скрин
Астанада Қылмыстық істер бойынша аралық сотта баласының еміне деп елден ақша жинаған ерлі-зайыптыларға қатысты іс бойынша сот талқылауы басталды. Мемлекеттік айыптаушы оларды бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік айыптаушы соттан жұбайларды кінәлі деп танып, ер адамды:
- 7 жылға бас бостандығынан айыруды;
- 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығын шектеуді;
- Мүлкін тәркілеуді;
- Жазасын орта қауіпсіздігі бар түзету мекемесінде жазасын өтеу түрінде жазаны тағайындауды сұрады.
Прокурор сот залында “сот үкімі күшіне енгенге дейін айыпталушыны қамауда ұстау” туралы өтініш айтты.
Сондай-ақ прокурор әйелге де дәл осындай жаза сұрады.
“7 жылға бостандықтан және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жазасын орта қауіпсіздігі бар түзету мекемесінде өтеуін сұраймын”, – деді мемлекеттік айыптаушы.
Ол қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, ерлі-зайыптылардың 2019 жылы туған баласы болғандықтан, жазаны орындауды екі жылға кейінге қалдыруды ұсынды.
Алаяқтар 1,5 жыл бұрын қайтыс болған баланың емі үшін жұрттан ақша жинап келген
Адвокат Азамат Байкенов мемлекеттік айыптаушының ұстанымына келіспейтінін айтты. Ол сот тергеу барысында, оның ойынша, “қателіктер жіберілгенін” атап өтті. Сонымен қатар адвокат “залалды растайтын жазбаша өтініштердің болмағанын” жеткізді. Адвокаттың пікірінше, іс тоқтатылуға тиіс.
Еске салсақ, биыл шілде айында Қаржы мониторингі агенттігі ерлі-зайыптыға қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің дерегінше, жұбайлар өздерінің ұлын емдеу үшін қазақстандықтардан шамамен 1,3 миллиард теңге жинаған. Агенттік олардың жинаған қаражаттың көп бөлігін жеке мақсаттарына пайдаланған деп санайды. Ерлі-зайыптыға қатысты тергеу 2025 жылы шілденің 29 күні аяқталды.
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді