Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсері Жігердің топтан кететіні туралы СМС арқылы жеткізгеніне өкпелі

Белгілі композитор әрі «Меломен» тобының продюсері Бауыржан Есебаев топтан Жігер Ауыпбаевтың кетуіне қатысты өз пікірін білдірді. Ол Жігердің топтан кететінін СМС-хабарлама арқылы жеткізгенін айтып налыды.

ауыпбаев-130217

Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

«Кетер кезінде Жігер маған келген жоқ. Біз өзіміз шақырып алдық. Қажылыққа кетерінің алдында Жігерге шамам келгенше ақылымды айттым. Ол жауабымды қажылықтан келгеннен кейін беремін деді. Берген түрі сол болды, хабарлама арқылы: «Мен топтан кеттім, әрі қарай өздеріңіз жұмыс істей беріңіздер», – деп жазыпты. Бар мәдениеті, бізге деген, «Меломенге», Есебаевқа деген сыйы, құрметі осы бір хатқа қана жетті», – дейді Есебаев.

Есебаев Жігердің әрекетін құптамайтынын, алайда қайта ораламын десе құшақ жая қарсы алатынын жасырмады.

«Осы уақытқа дейін 20-25 ән жаздық, 3 клип түсірдік. Қаншама ақша шығарылды, мұның бәрі бізге қаржылай шығын. Сондықтан Жігердің жасап отырғанын дұрыс деп құптай алмаймын. Бірақ өкпем де жоқ. Жігер қайтадан келіп, жұмыс істейтін болса, біз кешіреміз. Келіп жұмыс істесін, ал егер істемейтін болса, біз оны да кешіреміз. Өзіміз жұмыс істей береміз», – деп мәлімдеді топ продюсері.

Жігердің топтан кетуінің себебін өзінен басқа ешкім білмейтін ұқсайды. «Меломендік» жігіттердің де оған деген өкпесі қара қазандай.

«Жігердің кетуінің себебін шыны керек, өзіміз де білмейміз. Өзіміз де соны түсінгіміз келеді. Ғаламтор желілері шулап жатыр. «Жігер қайтсын» дегендер де болып жатыр. Біз де оның қайтқанын қалаймыз. Бірақ 4 ай болды Жігерді күтіп отырғанымызға. Жұмыс болғаннан кейін, қаншама ән жазылғаннан кейін, еңбек жатыр ол жерде, алда өзіміздің кешіміз бар, бәрі далада қала ма деп ойладық. Сондықтан да Жігер қайта ма деп күттік. 4 айдан бері оның бір-ақ жауабы болды, бар айтқаны: «Жұмыс істегім келмейді».

Бізді расымен де ренжітті Жігер. Бірақ біз мұсылманбыз, бауырмыз. Бір-бірімізге кек сақтамаймыз. Бұл осымен тоқтап қалмайды, өмір осымен бітпейді. Әрі қарай «Меломен» трио болып жұмыс істейді. Ешкімді алмаймыз», – дейді олар.

Есте болса, бұған дейін Жігердің өзі топтан кетуінің себебін түсіндірген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Таиландта бірге жүрген Маржан Арапбаева мен Абай Бегей сынның астында қалды (фото)

Қайрат Нұртас бауыры сыйлаған қасқырды көрсетіп мақтанды (видео)

Сәкен Майғазиев: Димаш “Музарт” тобынан да асып түсті

Жанар Дұғалова өмір сүруге не кедергі келтіріп жүргенін айтты

Талқылау