Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсері: «Әміреден» Төреғали сияқты той әншісін жасамаймын

«Әміре» атымен танылған Ернар Садырбаевтың продюсері баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабалайды Қазақпарат.

Жан Мұқанов Ернардың алдағы уақытта тағы бір шоуға қатысатынын айтты.

«Бізге ресейлік телеарналардан ұсыныстар түсіп жатыр. Атап айтқанда, «Россия» телеарнасында жаңа шоу ашылады. Ұйымдастырушылар Ернарды сарапшы болуға шақырды. Бірақ, сарапшы болудың қызық емес екенін кесіп айттым. 23 жастағы баладан қандай сарапшы шығады? Одан да шоудың өзіне қатыстырайық деп ұсыныс білдірдім», – деді продюсер Жан Мұқанов.

Продюсері әншінің болашақтағы жоспары жайлы айтты.

«Алдағы уақытта Ернардың қазақстандық әртістерге ұқсамайтын ерекше жаңа стилін қалыптастырамыз. Төреғали секілді той әншісін жасамаймын (Бұған дейін Жан Мұқанов Төреғали Төреәліге продюсерлік еткен – ред.). Форматы да, образы да мүлдем басқа болады. Бүгін таңертең қоңырау түсіп, Ернарды үйлену тойында өнер көрсетуге шақырды. Бірден бас тарттық. Қазір бұл маңызды емес. Шынында да, қазақстандық әртіс тойларда ғана жақсы табыс табады. Ал біз концерттен қаражат табуға тырысамыз», – деп өз сөзін түйіндеді продюсер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау