Продюсер Жан Мұқановтың сегізінші баласы дүниеге келді

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол ұлымен суретін жүктеп, жылы жазба қалдырған.
Продюсердің сөзінше, қазір жары мен сәбиінің жағдайы жақсы. Сондай-ақ Жан Мұқанов жыл өткен сайын ер адамның шынайы күші мәртебесінде емес, артында қалдыратын ізінде екенін түсінгенін айтты.
“Мен сегізінші рет әке болдым. Аллаға шүкір, анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы. Жыл өткен сайын түсінемін – ер адамның шынайы күші мәртебесінде емес, артында қалдыратын ізінде. Қош келдің бұл өмірге, ұлым. 01.04”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен өнер жолындағы әріптестері продюсерді жарыса құттықтап жатыр.
“Тамаша жаңалық. Аллам өмір берсін”, “Бауы берік болсын, ақ Жәкем! Білімді, саналы, өнерлі болып өссін”, “Жақсы жаңалық екен, сәбидің дүниеге келуімен құттықтаймын! Денсаулығы мықты болып, әкесіне тартсын!”, “Қандай бақыт”, – деп жазды олар.
"Бүкіл зұлымдық та, жақсылық та – әйелден": Жан Мұқанов отбасындағы ер мен әйелдің рөлін бөлді
"Шәкентиді өзі таңдады": Жан Мұқанов актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісін кінәлады
Айта кетейік, жақында танымал әнші Абай Бегей де сегізінші рет әке болғаны хабарланған еді.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр