Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған пробация қызметкерлері жазаланды

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын өтеу шарттарын бұзуына жол берген пробация қызметкерлері жазаланғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөздерден

Ішкі істер вице-министрі журналистердің Нұрасыл Болаттың жазасын өтеу шарттарының сақталуын қадағалайтын тұлғаларға қатысты қандай шара қабылданғаны туралы сұрағынан жауап берді. 

"Бұл іс бойынша қызметтік тергеу жүргізіп, қатаң шаралар қолдандық, қызметкерлеріміз жазаланды", – деді Игорь Лепеха.


"Қорқынышпен өмір сүріп, Алладан жазаңды күт": Тұрлыхановтың ұлынан таяқ жеген адвокат енді депутаттың қызы сес көрсеткенін айтты


Вице-министр қызметкерлердің нақты қандай жазаға тартылғаны туралы ақпарат бермеген. 

Еске салсақ, бұған дейін заңгерлер Олег пен Анна Черновты соққыға жыққаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын алған депутат Тұрлыхановтың түнгі уақытта көшеде жүрген және тойда жүрген видеосы тарағаны туралы жазған едік. 22 қазан күні Алматы соты Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасын пробация тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Енді депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған 1 жыл 5 ай мерзімін орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.

Талқылау