Президенттің көмекшісі Алматыда жастармен жаңа Конституция жобасының ережелерін талқылады

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың қатысуымен жастармен ашық кездесу өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, ұсынылып отырған өзгерістердің практикалық маңызы және олардың елдің одан әрі дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды. Диалог ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, жастарды толғандырған сауалдарға толыққанды жауап берілді.

Сондай-ақ 15 наурыз күні өтетін дауыс берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Белсенді әрі саналы жастар өз азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстанның Жаңа Конституциясы жобасын қолдауға дайын екенін көрсетті.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді