Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова қызметінен босатылды

Фото: akorda.kz

Президенттің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова президент кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылған. 

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. 2016 жылдан бастап PhD докторантура бағдарламасы бойынша Ұлттық саяси зерттеулер институтында (GRIPS, Жапония) білім алған.

Сүлейменова 2014-2015 жылдары – президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкері болған.

2015-2019 жылдары БҰҰ құрамында түрлі қызметтер атқарған.

2020-2021 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары.

2021-2022 жылдары – VII сайланған парламент мәжілісінің депутаты.

2022 жылдың наурыз айынан 2023 жылғы қаңтарға дейін – Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2023 жылдың 4 қаңтарынан 1 қыркүйегіне дейін Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

2023 жылғы 21 қыркүйекте президенттің кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев көмекшілері Тамара Дүйсенова мен Қанат Шарлапаевты қызметінен босатқан еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 19:21
Талқылау