Елбасыдан сөгіс естіген Бозымбаев “Қазмұнайгаздың” топ-менеджерлерін жұмыстан қуамын деп сес көрсетті
Павлодар мұнай-химия зауытының жөнделуі тағы созылды. Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ерте сүйінші сұрап қойған сыңайлы, деп хабарлайды КТК.
Мерзім 8 қарашаға қалды. Сейсенбі күні ведомство басшысы Павлодар зауыты 26 күні жөнделіп бітті, алғашқы жанармай шықты деп мәлімдеген. Алайда бүгін зауыттың еуро сапалы бензин шығаратын крекинг қондырғысы іске қосылмағаны белгілі болды.
“Қазмұнайгаз” топ-менеджері Данияр Тиесов пен зауыт басшысы Шухрат Данбайдың уәдесіне әбден тойған Бозымбаев қазір ашулы. Жылы орындарынан айырылуы мүмкін екенін сезген жауаптылар бүгін жанталасып Павлодарға жүріп кетіпті.
«ПМХЗ» ЖШС жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ топ-менеджерін атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады”, – дейді ҚР Энергетика министрлігі.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылықтар неге жарықсыз қалды
Қазақстанда шенеуніктерге қымбат иномарка сатып алуға тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда соңғы екі жылда телехикая түсіруге 153,5 млн жұмсалған
ШҚО-да сот үкімін естіген бұрынғы шенеунік есінен танып қалды