Президент зейнетақы қорындағы қаржыны инвестициялауды тапсырды
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинаған қаржылары бірқатар аса маңызды жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақшы.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы барлығы 1 трлн. 450 млрд. теңге еркін зейнетақы жинақтарын бірқатар бағыттарға инвестициялауды тапсырды.
«2016 жылы еркін зейнетақы жинақтарындағы 1 трлн. 450 млрд. теңге шамасындағы қаржыны бірқатар ірі жобаларды қаржыландыруға бөлуді тапсырамын»,- деп хабарлайды президент баспасөз қызметі Twitte желісіндегі парақшасында.
Президент бұған дейін 30-шы қарашадағы халыққа жолдауында зейнетақы қорындағы қаржыны бизнесті қолдап-несиелеуге жұмсауды доғаруды бұйырып еді. Назарбаев зенетақы қорындағы қаржы бюджеттегі жинақтың орнын толтыру үшін ғана пайдаланылады деген еді.
2016 жылдың басындағы есеп бойынша «БЖЗҚ» АҚ қаржы 5,828 триллион теңге.
Талқылау