Президент Жансейіт Түймебаевты қызметінен босатты
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қызметінен босатылып, оның орнына бұл қызметке Өмірзақ Шүкеев келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінеді хабарламада.
Түркістан облысының басшылығына бұрынғы ауыл шарушылығы министрі Өмірзақ Шүкеев тағайындалды.
«Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын», – делінеді жарлықта.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау