Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент келерде жанталасқан қызылордалық шенеуніктердің көзбояушылығы жұртты ашуландырды

Қызылордалық шенеуніктердің көзбояушылығында шек жоқ. Президенттің сапары қарсаңында жергілікті атқамінерлер шаһардың кемшіл тұстарын жасырып әлек болған. Тек жақсы қырынан көрінуді қалайтын олар құлағалы тұрған үйлердің сыртын жартылай бояп, жол бойындағы ескі ауылды мүлдем қоршап тастапты. Қазір көше жақ беті бүтінделгенмен, іші адам шошырлық, – деп хабарлайды КТК арнасы.

кызыл

Қызылорда шетіндегі үйлерді көрсең күлкің келеді. Сыртын жалқау жұмысшылар сырлап кеткендей кейіпте. Үйлердің тек көше жақ бетіндегі бір қабырғасын бояп кеткен. Сөйтсек, президентті қарсы алуға асыққан шенеуніктер құрылысшыларға көзге қораш көрінетін нысандарды жылтыратып қоюды тапсырыпты. Осылайша сырты бүтінделгенмен үйлердің қабырғалары сөгіліп, төбесі құлағалы тұр. Бірақ оған атқамінерлердің бас қатырғысы жоқ.

“Президент келеді деп апыл-ғұпыл жөндеп жатыр. Артын көріңіздердерші. Елді  алдап отыр ғой. Көзбояушылық дейді мұны. Істей ме бәрін істесін бастан-аяқ.  Істемесе қою керек”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Кәмила Жолаева. Қызылорда сапары барысында президентті Титов қыстағы маңындағы әйнек зауытына апару жоспарланған екен. Енді жолай сұрқы қашқан ауылды мәртебелі мейманға көрсетпеуге үшін әкім-қаралар барын салып жатқан сыңайлы. Ол үшін тіпті ауылды қаңылтыр дуалмен қоршап тастаған.

“Асфальт жоқ, көшенің сиқы мынау. Үйлер дұрыс түспеген. Сол президенттің көзіне түспесін деген ғой. Апат көп болады мына жерде. Бұның алдын алатын ешкім жоқ”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Жаршыбек Алдабергенов. Жаманын жасыруға тырысқан жергілікті әкімдіктегілер тілшілерге де бұл қылықтарын түсіндіретін уақыт таппады. Жұрттың уәжіне тіпті құлақ асқылары да жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт Ермегиявтің аукционға шықпаған көлігіне таласып жатыр

Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр 

Жұмбақ жағдайда қаза тапқан 7 жасар баланың анасы Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрады

Талқылау