Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Есімов пен Келімбетовтың қандай қызметке тағайындалатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-ны басқарған Ахметжан Есімов пен Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтың не істейтіндерін айтып берді.

Безымянный

“2017 жылы ЭКСПО көрмесі біздің ел үшін өте маңызды шара болды. Біз бүкіл әлемге Қазақстанның және астанамыздың мүмкіндіктерін көрсеттік. Үлкен имидждік жұмыс атқардық деп айта аламыз. Біз сіздермен бірге көрменің жабылуы бойынша үлкен шараға қатысамыз. Бірден Халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастап кетуі тиіс. Тіпті Конституцияға да өзгерістер енгіздік”, – деді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында.

“Үкімет тұрғызылған нысандардың жұмыс істеп кетуіне жауапты. Қай ғимарат кімге берілетіні шешілуі керек. Мәселен, екі ірі нысан Халықаралық қаржы орталығына беріледі. Бір ірі орталықты Қазақстанның тұрақты көрмесі ретінде жасаймыз. Ол жерде барлық өңірлер, кәсіпорындар өз жетістіктерін көрсететін болады”, – деді президент.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Есімов пен Келімбетовке де тоқталды.

“Ахметжан Смағұлұлы әрқайсын орын-орынына қойғанша осы көрменің президенті қызметін жалғастырады. Халықаралық қаржы орталығы басшылығына тағайындалған Келімбетов барынша белсенді жұмыс істеуі тиіс”, – деді Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандардың қырылуына байланысты үн қатты

Ақмола облысында әкім ірі көлемде пара алып жатып ұсталды (видео)

АҚШ президенті Назарбаевты еліне шақырды

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Талқылау