Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Бозжырада қонақ үй салу жобасын қайта қарастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Бозжыра шатқалындағы қонақ үй құрылысы жобасын қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді", - деді Берік Уәли. 

Еске салайық, Маңғыстаудың басты символы саналатын Бозжырада сафари-қонақ үй салады деген хабар тарай сала қоғам белсенділері дүрлікті. Көпшілік құрылысты тоқтатуды талап етті.

Кейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев Маңғыстау облысына келіп, халықпен Бозжыра трактатында қонақ үй салуды талқылады. Ол туристерді орналастыруға арналған орын таудан бір шақырым қашықтықта салынса, ол жойылмайды, керісінше табиғилығын сақтайтынын айтты.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ведомство елдің табиғи байлығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға мүдделі екенін хабарлады. Осыған байланысты Бозжырадағы объект заңға сәйкес қоғамдық тыңдаудан, экологиялық сараптамадан, қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңінен (ҚОӘБ) өтуі тиіс.

Талқылау