Президент балаларды құмар ойындарға тартқандарды қатаң жазалауға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақты түрлі құмар ойындарға қызықтырып, теріс жолға түсіргендерге қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған қоса, ол балаларды құмар ойынға тартқандардың жолын кесу керектігін сөз етті.
"Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет. Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз. Қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл салынады. Шетел азаматтарының ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек", - дейді Тоқаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы еліміздегі ерекше күтімді талап ететін жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті сынға алды.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды