Премьер-министрдің орынбасары жеңілдетілген автонесиенің неге тоқтап тұрғанын түсіндірді
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиенің неге қайта жанданбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жеңілдетілген автонесиенің кезекті толқыны жанданатыны туралы мәліметтер айтылған. Сол іс неге тоқтап тұр? Ақша жетпей жатыр ма, әлде ақпараттық жүйеде ақау бар ма?" деп сұрады БАҚ өкілі.
Роман Склярдың айтуынша, бағдарламаның ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеп тұрғанына байланысты.
"Бәйтерек" холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады", – деді вице-Премьер.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді
