Премьер-министр Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы қаулыға қол қойды
Қазақстан үкіметі Қарағанды облысының шекарасын өзгертіп, Ұлытау облысының аумағын белгілеу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулының мәтіні премьер-министрдің ресми сайтында 14 қарашада жарияланды, дегенмен қабылданған күні ретінде 2022 жылдың 26 қыркүйегі көрсетілген.
Құжатқа сәйкес жалпы аумағы 18 миллион 893 мың гектар болатын Жезқазған пен Сәтпаев қалалары, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандары Ұлытау облысының құрамына берілген.
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"