Премьер-министр Олжас Бектенов пен оның орынбасарлары Қазақстанның қай өңірлерінде демалатынын айтты
Фото: freepik.com
Журналистер премьер-министр Олжас Бектенов пен оның орынбасарларынан Қазақстанның қай өңірінде демалғанды жөн көретінін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметте премьер-министр мен БАҚ-тың қатысуымен алғашқы брифингі өтті. Премьер-министрден соңғы рет Қазақстанда қашан және қайда демалғанын сұрады. Бектенов 2021 жылдан бері демалысқа шықпағанын айтты.
"Нақты қайда болғаным есімде жоқ. Бурабайда ма әлде Алакөлде ме? 2021 жылы Алакөлде болдым. Одан кейін демалыс болмады, ешқайда шыққан жоқпын. Ең жақын жер Бурабайға да барып үлгермей жатырмын. Іссапармен Кендірліде, Алакөлде болдым. Бірақ шомылған жоқпын. Жағдайды бақылап қайттым", — деп жауап берді премьер-министр.
Бұл сұраққа үкіметтегі төрт вице-премьер де жауап берді.
"Мен де, өкінішке қарай, көптен бері демалыс алған жоқпын. Бірақ өзімнің туған жерім Павлодар мен Баянауылды жақсы көремін. Бұл – менің сүйікті жерлерім", – деді Роман Скляр:
Ермек Көшербаев болса:
"Соңғы рет Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезімде демалыста болғанмын. Былтыр 7 күн демалыс болды. Соның 4 күнін Еуропаға шығып, қалған 4 күнін жексенбіні қосқанда, Бұқтырмадағы (ШҚО) "Приморск" демалыс аймағында отбасыммен өткіздім", — деді ол.
-
550 мың теңгеге Грузияның төрт қаласын қалай аралауға болады? Қазақстандықтың тәжірибесі
-
"Алакөлде демалу қауіпті": Қазақстандық қоғам белсенділері танымал курорттағы жағдайды сынады
Серік Жұманғарин:
"Кейінгі екі жылда демалған жоқпын. Соңғы рет жаңа жылда ғана демалдым. Жаңа жылды Ақкөлде қарсы алдық. Өте керемет жер", — деді ол.
Қанат Бозымбаев өткен жылы су тасқынына байланысты жазда демалыс ала алмағанын жеткізді.
“Бірақ демалыс күндері Ақтауда, жылы жағажай маңында екі күн болдым. Тағы бір демалысым Жетісуда, Алакөлде өтті. Керемет демалыс болды", — деп қосты вице-премьер.
Журналистердің бірі Олжас Бектеновтен Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы сұрады. Үкімет басшысы бұл салада мәселелер бар екенін мойындады.
"Көптеген курорттық және демалыс орындары әлемдік стандарттарға ғана емес, тіпті қауіпсіздік пен жайлылықтың базалық талаптарына да сай емес. Бұл бағытта жұмыс жүргізіледі. Өкінішке қарай, үнемі бәрі шомылу маусымына дайын деген жақсы есептер келеді. Ал іс жүзінде олай болмай шығады. Үкімет тарапынан бұл жерде кемшілік бар екенін мойындаймыз", — деді Олжас Бектенов.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
