Порновидео кейіпкері деп айыпталып, аты шыққан Нұржан Тұрсынбай ақыры жұмыссыз қалды. Былтыр жаздың басында өз еркімен жұмыстан кеткен дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры қараша айында ғана сот арқылы осы қызметіне қайта келген болатын. Алайда, алдында 5 жылдай бірге істеген ұжымы бұған үзілді-кесілді қарсылық танытқан еді, деп хабарлады КТК арнасы.
“Алайда бұл кісі келетін болса біз қайтадан жұмысты тоқтатып қойып, мына кісінің мәселесімен ары қарай жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан біз бұл кісімен істесе алмайтындығымызды ұжым ретінде білдіріп, міне ел алдында жаппай айтқымыз келді”, – дейді ұжымдастары.
Ұжымның қарсылық танытуына Нұржан Тұрсынбай өзі басқарып отырған мекемеде кадрлық бизнеспен айналысып, өз қызметкерлерімен қит етсе соттаса беруі себеп болған. Ол аз дегендей былтыр мамыр айының соңында оған ұқсас азаматтың жыныстық қатынасқа түсіп жатқан видеосы әлеуметтік желілерге тарап, түрлі әңгіме желдей ескен болатын. Абыройы азайған мекеме отырған ғимараттың қожайындары да дінтанушыларды басшысымен бірге кеңселеріне кіргізбей қойып, әуреге салды. Дін басқармасындағылар да жаман аты шыға берген дінтанушыдан құтылғысы келді ме, әйтеуір, қаңтар айының басында Нұржан Тұрсынбайға қатысты сотқа азаматтық шағым түсірген еді. Арада екі апта да өтпей жатып, апелляциялық сот Нұржан Тұрсынбайды жұмысына лайықты емес деп тауып отыр.
“Алқаның бүгінгі қаулысымен Қаратау аудандық сотымен шешімінің ішінара күші жойылды. Өзгертілді ішінара күші жойылып. Тұрсынбай Нұржанды бұрынғы жұмысына қайта орналастырудан бас тартты. – Яғни, босатылды ғой? – Әрине”, – дейді ОҚО сотының үйлестіруші-судьясы Тамара Смайылова.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда жол жүру ақысы екі есеге қымбаттауы мүмкін
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: жүргізуші куәлігінен айырылды
Қарағандылық жүргізуші сапасыз жанармайдың кесірінен жолда қалып, үсіп қала жаздады
Қарапайым болыңыздар: Қазақстандықтар жаназада орындалуы тиіс 9 ережені қолдады