Полицияға 60 миллион теңге тұратын элиталық жол талғамайтын көліктер не үшін қажет: Вице-министр жауап берді

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов полицияға әрқайсысы шамамен 60 миллион теңге тұратын премиум санаттағы жол талғамайтын көліктердің не үшін қажет екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенаттағы брифингте журналистер вице-министрден Астана полиция департаментінің мемлекеттік сатып алу жүйесінде үш премиум санаттағы жол талғамайтын көліктер сатып алатыны жөнінде ақпарат пайда болғанын сұрады. Сатып алудың жалпы құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды.
Вице-министр материалдық-техникалық база құқық тәртібін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
“Қазақстан полициясының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қатысты атап өту керек, полиция мобильді, жедел және заңнамаға сәйкес оған қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуге қабілетті болуы тиіс. Полиция қоғамдық қауіпсіздікті, жолдардағы тәртіпті және қылмыстық саладағы жағдайды жедел қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған”, – деді Санжар Әділов.
Ішкі істер министрінің орынбасары сатып алу туралы бойынша толық мән-жайды анықтап, журналистерге жақын арада жауап беруге уәде етті.
Еске салсақ, бұған дейін Астана полиция департаменті 177 миллион теңгеге жуық қаржыға үш көлік сатып алғаны туралы жазған едік. Мемлекеттік сатып алу порталындағы нақты сипаттамалар мен бағаға қарағанда, департамент үш Chevrolet Tahoe сатып алмақ.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген