Полиция бокстан әлем чемпионын тұтқындады: Әлем көз тіккен жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Джервонта Дэвис (27-0, 25 КО) титулдық жекпе-жекке санаулы күн қалғанда қамауға алынды. Сарапшылар кездесудің өтпей қалуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

WBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеудің иегері, 28 жастағы боксшы Парклэнд қаласында ұсталған.
"Бровард округы шерифінің құжаттарына сәйкес боксшы Джервонта Дэвис тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ұсталып, түрмеге қамалған. Дэвис сәрсенбіде таңғы 08:00-де сот тыңдалымына келеді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 қаңтарда Джервонта Девис Вашингтон қаласында доминикандық Гектор Луис Гарсиямен (16-0, 10 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы керек еді. Егер америкалық боксшы жеңсе, сәуірде өзге америкалық боксшы, 24 жастағы Райан Гарсиямен (23-0, 19 КО) жұдырық түйістіреді деп күтілген.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

