Полицейлерден таяқ жеген қыз олардан 3 млн теңге талап етіп отыр
Полицейлер ұрып тастаған 20 жастағы қыз ішкі істер департаментінен 3 млн теңге өтемақы талап етіп отыр.
Бұл туралы “Наша газета” жазады.
“Ол Қостанай облыстық ІІД-нен моральдық шығын ретінде 3 млн теңге талап етіп отыр”, – дейді адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның қазақстандық филиалының директоры Анастасия Миллер.
Оқиға өткен жылдың 10 сәуірінде Қарабалық ауданында болған. Учаскелік инспектор Арман Төлегенов және Нұрлан Сәрсембаевтар 20 жастағы Любовь есімді қызды дүкенге ұрлыққа түсті деп айыптаған.
Олар қыздың кінәсін оны төпелеп ұрып мойындатпақ болыпты. Ол емізулі сәбиінің бар екенін айтып жалынғанына қарамастан, полицейлер оны сабап тастаған. Сондай-ақ, олар әйелдің саусағын кесіп, ата-ана құқығынан айырамыз деп те қорқытқан.
Қыз арыз жазғаннан кейін подполковник Амантай Ағайдаров пен Жангелді Ақынов өз қолдарымен оған 100 000 теңге алып келген. Бірақ, қыз айтқанынан таймай арызын қайтарып алмайды. Ал бұрынғы полицейлер сотта кінәларын мойындамай, Дорошенко жала жауып отыр деген.
Бірақ, сот үкімімен екі полицей Сәрсембаев 3,5, ал Төлегенов 3 жылға сотталды. Сондай-ақ, Қарабалық аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ағайдаров және Ақыновтар 3 жыл 9 айға бас бостандықтарынан айырылған.
Оқи отырыңыз:
Жұлдыздар отан алдындағы борышын өтеуден неге қашқандарын түсіндірді (фото)
Майғазиев: Ағам қайтыс болған кезде, мен сахнада ән айтып тұрдым
Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай әріптестері өз ойларын ашық айтты
Үш жасар Мирас бір жылдан бері Қайрат Нұртасты жылап іздеп жүр (видео)