Полицейлер мотоциклшіге көшеге шашып алған 60 миллион теңгесінің жартысын жинап берді
Санкт-Петербург полициясы мотоциклшының көшеде шашып тастаған 12 миллион рублінің тек бес жарым миллионын тапты.
Бұл туралы kp.ru хабарлайды.
Миллион жарым рублді оқиға болған күні тәртіп сақшылары жол қызметі өкілдеріне тапсырған. Олар ақшаны батыс жылдам диаметрі бойынан жинап шыққан.
Тағы төрт миллионды 8 маусым күні полицияға ерлі-зайыпты зейнеткерлер әкеліп тапсырған. Олар оқиға туралы БАҚ арқылы біліпті. Сол күні құқық қорғаушыларға ақшаны жоғалтып алуы мүмкін делінген адам да хабарласқан. 40 жастағы ер адам өзінің бизнесмен екенін, ал 12 миллион рублді фирма қолма-қол бергенін айтыпты.
Ал ақшаны мотоциклден түсіп қалған сәті камераға түсіп қалған. Бұл оқиға Богатырь даңғылының бойында орын алған.
Оқи отырыңыз:
Зағип жігіт ақылды көзілдіріктің арқасында өз әйелін көрді (видео)
Сирияда соғысып жүрген қырғыз жігіті анасынан кешірім сұрады (видео)
Жарыс жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жарылып кетті (видео)
Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)