Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицей аман алып қалған павлодарлық оқушылар шахматтан облыс чемпиондары атанды

Осыдан бірнеше күн бұрын жол апатына ұшыраған Баянауыл ауданының оқушылары шахматтан облыстық турнирде топ жарды.

16830807_1338504362886878_3743456355294360479_n

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар облысының білім беру басқармасы атап өткендей, баянауылдықтар осымен 12-ші мәрте чемпион атағын алып отыр.

“Үш күнге созылған додада аудандар арасында Баянауыл ауданының оқушылары алға шықты. Екінші орынды – Ақтоғай ауданының, үшінші орынды Ертіс ауданының оқушылары иеленді. Қалалар арасында Павлодар қаласы көшбасшы атанса, екібастұздық оқушылар екінші орынға лайық деп танылды. Ақсулықтар үшінші орынды қанағат тұтты. Жарысқа 70-ке тарта шахматшы қатысты”, – деді білім басқармасында.

1601527

Айта кетейік, бұл күні облыс бойынша 11982 бала шахмат үйірмелерінде дайындалуда. Естеріңізге сала кетейік, “Астана-Павлодар” тас жолында Қалқаман ауылының маңында жол апаты орын алған болатын. 18 оқушы отырған мектеп автобусын Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің екі қызметкері “Лада Гранта” көлігімен ертіп келе жатқан. Кенеттен қарсы жолаққа жүк көлігі шығып кетіп, оқыс жағдай орын алған. Қызметкерлердің бірі Мұрат Нұрсейітов ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен. Бірер күн бұрын полицейдің есін жиғаны хабарланды. Тағы бір тәртіп сақшысы Баянбек Жүнісов ауруханаға жатудан бас тартты. Оқушылар зардап шеккен жоқ.

Оқи отырыңыз:

Алматының пәк қыздары желіде бүркеншік атпен топ ашып алған

Қазақстанның бірнеше облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды

Қостанайда жоғалған әйелді күйеуі, досы мен күйеубаласы өлтіргендерін мойындады

Павлодар облысының әкімі Наурыз мейрамын сәуір айына ауыстыруды ұсынды

Талқылау