Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пластик қалдықтары Паркинсон ауруына қарсы дәрі жасауға пайдаланылмақ

Ғалымдар пластиктен дәрі жасап шығардыФото: Freepik.com

Эдинбург университетінің ғалымдары пластик қалдықтарын Паркинсон ауруына қарсы қолданылатын дәрілік затқа айналдырудың жаңа тәсілін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеу барысында мамандар ішек таяқшасының арнайы өзгертілген бактерияларын пайдаланған. Олар алдын ала ыдыратылған пластикті қорек ретінде қабылдап, оны өңдеу кезінде биохимиялық реакция арқылы ерекше қосылыс түзеді. Бұл қосылыс Паркинсон ауруымен ауыратын науқастарда дофамин тапшылығын толықтыру үшін қажет.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс медицина саласында ғана емес, экология мәселесін шешуде де маңызды рөл атқаруы мүмкін. Себебі жыл сайын әлемде шамамен 50 миллион тонна пластик қалдықтары жиналады. Олардың көпшілігі қоқыс полигондары мен мұхиттарда шоғырланып, қоршаған ортаға зиян келтіреді.


Африкадан келген қазақстандық әйелден қауіпті безгек анықталды

"768 мың ер адам гинекологиялық тексеруден өткен": Ішкі істер министрлігі Әлназарованың мәлімдемесін теріске шығарды


Қазір жаңа технология зертханалық сынақ кезеңінде. Мамандар болашақта бұл әдіс кеңінен қолданылып, пластик қалдықтарын қайта өңдеудің тиімді жолына айналады деп үміттенеді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 09:21