Пышақтап тастаймын деп қорқытқан: Жігіт өзінің 9 жасар жиенін екі рет зорлап тастады
Самарқанд қаласында жергілікті тұрғын тоғыз жастағы жиенін екі мәрте зорлаған. Ол қызды пышақпен, балтамен қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бірінші мәрте зорлық әрекетін биыл 1 ақпанда жүзеге асырған. Сол күні жігіт мас болған. Ол оқушы қызды үйіне алдап кіргізген. Үйде тоғыз жастағы қызды қорқытып, зорлаған.
Бір жарым айдан соң жігіт зорлық әрекетін тағы қайталаған. Бұл жолы ол оқушыны балтамен қорқытқан.
Істі Самарқанд облыстық қылмыстық істер жөніндегі соты қарап жатыр. Сот приставтары жігіттің оқушы қызды зорлағанына көз жеткізген. Зорлық көрсеткен тұрғын 16 жыл түрмеде отырады. Бұған қоса ол маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты