Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пышақпен қорқытып, электрошокер қолданған": Атырауда көпбалалы ана мұғалімді баламды қорлады деп айыптады

Атырауда "Алтын алқа" иегері, көпбалалы ана 10-сынып оқитын баласы оқудан шығарылған соң, Сармат мектебінің мұғалімдерін ұлына зорлық көрсетті деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: depositphotos

Көпбалалы ана Нұргүл Лампусинованың сөзінше, оқиға 4 желтоқсанда болған. 

"Мұғалім баламнан насыбай тауып алып, тәртіп бұзғаны үшін пышақпен қорқытып, электрошокер қолданғанын айтты. Бірақ баламның насыбай пайдаланғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Мектеп ешбір видео, фотосуреттер мен куәгерлерді бермеген. Сол үшін мектептен шығарылды. Қазір балам үйде күйзелісте жүр", –дейді баланың анасы Нұргүл Лампусинова.

Осы оқиғадан кейін Лампусинованың өзі ұлын тексеруге тапсырып, нәтижесінде химиялық заттардың ізі анықталмаған. Оған қарамастан лицей басшылығы баланы оқудан шығару туралы шешім қабылдаған. 



Сармат мектебінің директоры Нұрлан Елеуов желтоқсан айында химиялық зат тәркіленгені туралы хаттама жасалып, оқушының анасы шақырылғанын айтты.

“Алайда бұл мәселе қаралған күні көпбалалы ана мұғалімдер кеңесіне келмеді. Оқудан шығару туралы шешімді мектептің ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесі қолдады. Оның үстіне, оқушының анасы берген сынақтар наркологиялық орталықта емес, жеке зертханада жасалған. Бұл мектеп басшылығының күмәнін арттырады. Бұған дейін де оқушы электронды темекі арқылы ұсталып, ескерту алған”, – деді директор. 

Директордың айтуынша, ата-аналар оқуынан шығарылған балаларының құжаттарын әлі күнге дейін алып кетпеген. Бұл олардың басқа мектепте оқуын жалғастыру мүмкіндігінен айырады, дейді директор. 

Мәліметке сәйкес, тағы бір оқушы қатарластарына буллинг жасағаны үшін оқудан шығарылды. Оның ата-анасы да полицияға арыз жазыпты.

"Екінші оқушы буллинг үшін оқудан шығарылды. Себебі ол 7-сынып оқушысын жүйелі түрде қорлап келген. Бұл жағдай 10-сынып оқушысымен болған оқиғадан төрт күн өткен соң орын алды. Бұл іс бойынша бізде де қызметтік тексеру жүргізіліп, балалардың ата-анасы бірлесіп жұмыс істеуге шешім қабылдады. Қазіргі уақытта осы екі жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді мектеп директоры.

Аталған факті бойынша Атырау облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында мұғалім өзін балағаттаған оқушының үстінен арыз жазғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау