"Пікірін білдірді": Облыс басшысы желіде "ақылды болма" деп кеңес берген Қарағанды әкімі туралы айтты
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қарағанды басшысының желідегі айтқанына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ермағанбет Бөлекпаев қала әкімі өз пікірін білдірді дейді.
“Қарағанды әкімі белсенді жұмыс істейді. Арыз түскен жоқ. Егер арыз түссе, бізде Мемлекеттік қызмет комитетінің аймақтық департаменті бар. Ол жерде тәртіптік кеңес отырады, солар қарайды. Бірақ бұл жағдайда ол тек өз пікірін білдірді”, – деді Бөлекпаев.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов желі қолданушысына грамматикалық қатемен жауап беріп, сынға қалған еді. Дегенмен желіде әкімге қарсы пікір жазғандар да болады. Солардың біріне жауап берген ол “ақылды болмай, көлігіңді басқарғаның жөн” деп жауап берді.
Талқылау