Пиар үшін сәтсіз күн: Алданған халық Арман мен Ашаға ұрсып тастады

Арман мен Ашаның "жыры" тура бір аптаға созылды. Шоу-бизнестегі ең жарасымды жұптардың бірі саналатын ерлі-зайыптылар 7 күн бойы елдің сауалынан қашып, көптің ойын сан-саққа жүгіртті. Қоңырбаевтың қоштасу туралы жазбасы көңілі күпті жанкүйерлерді одан сайын алаңдатып қойды, деп жазады Stan.kz.

Пиар үшін сәтсіз күн: Алданған халық Арман мен Ашаға ұрсып тастадыАл күні кеше Арман мен Ашаның құпиясы ашылды. Жұлдызды жұптың бейнебаянды жарнамалау үшін осындай қадамға барғаны анықталды. Мұны білген жанкүйерлер оларға ашуланып, жағымсыз пікірлерді қарша боратты. 
"Хайп үшін бұлай жасауға болмайды ғой, сіздерді бақылап, уайымдап отыратын қаншама шынайы адам бар", "ойыннан өрт шығып жүрмесін", "Бір клип үшін хайп жасап, отбасын талқыға салып, өтіріктен ажырасып... Ұят-ай, не болып барады, жақсы ән болса, хайпсыз-ақ хит болады", - дейді оқырмандар. 

Сондай-ақ, кей желі қолданушылары пиар үшін өте сәтсіз күн таңдалғанын атап өтті. 

"Сіздердің клиптеріңіз елімізде болып жатқан оқиғалардың тасасында қалып қойды", - дейді оқырмандардың бірі.
Естеріңізде болса, кеше, 19 наурыз күні сағат 19.00-де еліміздің тұңғыш президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Ал Арман мен Ашаның құпиясы содан тура екі сағат бұрын ашылған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...