Photoshop-тың жаңа нұсқасында беттегі ым-ишараны өзгертетін функция қосылды
Adobe компаниясы Photoshop CC-ке тиесілі өзінің Creative Cloud платформасын жаңартты. Онда бірқатар жаңа ерекше функциялар енгізілген.
Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.
Photoshop-тың жаңа түрінде Face-Aware Liquify функциясы пайда болды. Ол суреттегі адамды автоматты түрде танып, оны қалағаныңша өңдеуге мүмкіндік береді. Ол арқылы адам бетіндегі күлкіні “түзетіп”, көздің де жан-жағын өзгертіп, бет-әлпеттегі пішінді де қалауына сай ыңғайлауға болады.
Компанияның хабарлауынша, фотографтар бұл редакторлық өңдеумен біраздан бері айналысады екен.
Алайда ол автоматты түрде қолдану режимінде алғашқы рет ұсынылып отыр.
Талқылау