Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пейілі ақ, бірақ жеке шекараңды бұзады": Ресейден көшіп келген қыз Қазақстан халқы туралы ойын айтты

Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан Астанаға көшіп келген тұрғын елімізден алған әсерін бөлісті. Ол қазақтардың қонақжай екенін атап өтті де, сонымен бірге қоғамдық орындарда адамдардың шекара бұзғанынан болатын қолайсыздықтар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Т-Ж сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Stan.kzФото: Stan.kz

Надежда Филиппованың айтуынша, ол Қазақстан халқынан ізгі қарым-қатынасты сезеді.

"Қазақтар ақкөңіл, қонақжай, кейбірі күлімдеп қалған, сабырлы, көпшіл. Мұнда өтіп бара жатқан адамнан сыпайы түрде кез келген нәрсені сұрап, көмек алуға болады. Қазақтар өз өміріне, қаласы мен еліне шынымен бейжай қарамайды. Көп жастар басқа елдерде білім алып, Қазақстанға келіп, дәмханаларын, мәдени мекемелерін, бұқаралық ақпарат құралдарын ашып, жүргізіп келеді", – деп жазды Надежда Филиппова.

Ол кастрюль сұрап келген көршісінің өтінішіне біраз уақыт таңырқап қалған. Сөзінше, Ресейдің ірі қалаларында көршілер жақын араласпайды.

Дегенмен Ресейлікті ыңғайсыз жағдайға түсіретін жалғыз нәрсе бар екен. Оның сөзінше, қазақтар басқа адамдардың шекарасын және жалпы жеке шекараны басқаша қабылдайды.

"Жергілікті тұрғындар үшін кезекте тұрған адамға жақын тұру – қалыпты жағдай. Олар сіздің тура арқаңызға дем алуы мүмкін, айналаңызда көп орын болса да қасыңызға заттарын қоюы мүмкін. Есікті ұстап тұрып, көмектесуі өте сирек. Бұл мені таңғалдырады. Кейде осыдан өзіңді ыңғайсыз сезінесің”, – деп бөлісті ресейлік қыз.

Талқылау