Алматыда "Petrosun" ЖШС-не 875 миллион теңге айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекелеген сатып алушылармен дизель отынын өткізу жөніндегі шарттарды жасасудан бас тарту арқылы тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеген "Petrosun" ЖШС қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың 16 шілдесінде жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тергеу қорытындылары заңды деп таныған жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.
“12 қыркүйекте Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Petrosun" ЖШС бір жыл ішінде екінші рет жасалған заңбұзушылыққа байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартылды”, – делінген хабарламада.
Адам құтқаруға аттанатын ұшаққа автокөліктің жанармайын құятын ел атандық – Депутат
"Petrosun" ЖШС-не 875 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда автогаз құны жанармай бағасымен теңестірілетіні туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"