Петропавлдық полицейлер қаланың көрікті жерлерінде күй тартып тұрғындарды таңғалдырды (фото)
Петропавлда пагон таққан 60 домбырашы қаланың ең көрікті жерлерінде күй тартты.
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған флешмобқа бас-аяғы 600-ге жуық тәртіп сақшысы қатысты.
“Басты мақсат – патриоттық сезімді арттырып, таңдап алған мамандықпен мақтана білуге, соны ардақтауға үйрету, командалық жұмысты лайықты атқара білу”, – дейді СҚО ІІД басшысының орынбасары Виктор Букреев.
Полицейлер өздерінің шығармашылық қабілеттерін флешмобтың екінші жартысында көрсетті. Қаланың әртүрлі орындарына барған 60 домбырашы “Адай” күйін орындады. Жүргіншілер тәртіп сақшыларының керемет өнеріне таңырқай қарап, қол соққан.
Оқи отырыңыз:
Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды
Амантай қажы ЭКСПО-да “Аттан, қазақ” деп таяғымен айқайлап шетелдіктерді шошытты
Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды
Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты