Петропавлдағы жылу электр орталығын жөндеуге 12 миллиард теңге жұмсалады
Петропавл қаласындағы ЖЭО-2-де жөндеу жұмыстары жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, "СЕВКАЗЭНЕРГО" компаниясының акционерлерімен ЖЭО-2 жөндеу жүргізуге бағытталған қаражатты 6 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұл қаражатқа ЖЭО-2-ның 11 қазандығы мен 7 турбина, жылу және электр желілері жөнделеді. Сондай-ақ, жаңа түтін құбыры салынады. Қазіргі уақытта құбырдың құрылысы басталды. Барлық жұмыстар бақыланып, кестеге сәйкес орындалып жатыр", – деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Өңір басшысының мәлімдеуінше, жаңа түтін құбыры құрылысын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"