Петропавлда жатақхана маңында жаппай төбелес болды
Студенттер жатақханасының маңында жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан ер адамдардың жұдырықтасып қана қоймай, төбелес кезінде бейсбол битасына ұқсас зат қолданғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Петропавл қаласы полиция басқармасы жастар арасындағы төбелеске қатысты пікірі білдірді.
“30 наурызда сағат 20:30 шамасында Петропавл қалалық полиция департаментіне жатақхана маңында екі топқа бөлінген жастардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы дереу 17-21 жас аралығындағы жастарды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Қазір полиция істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Бұған дейін Қарағанды облысында белгісіз біреу тал түсте атыс бастаған еді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”