Қарағанды облысында тал түсте атыс болып, бір адам зардап шекті (видео)
Шет ауданы, Ақадыр ауылында ер адамға оқ атқан күдікті жергілікті тұрғындардың зәресін алды. Атыс кезінде бір адам жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Патриот” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде тараған видеодан мылтық ұстаған ер адамның тапа-тал түсте белгісіз біреуді көздеп, атуға оқталғанын көруге болады. Салдарынан бір адамның аяғына оқ тиіп, ол ауруханаға жеткізілді.
Полиция болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
“Ақадыр ауруханасына аяғынан жараланған жергілікті тұрғын келіп түсті. Полиция адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар тұлғалардың бәрі анықталды. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Қарағанды облысы полция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Бұған дейін БҚО-да тұрғындарға көмектесіп жүрген құтқарушыға ер адамның пышақ сұққаны туралы жазған едік.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.