Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелесті

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес щығарды. Салдарынан бірнешеуі зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vesti-k.ru 

Әлеуметтік желіде курсанттардың жаппай төбелескені туралы видео тарады. Түрлі дерекке сенсек, төбелескендердің саны шамамен 20 пен 40 арасында болған. Төбелеске аталған жоғары оқу орнында білім алып жүрген Тәжікстан азаматтары да қатысқан деген ақпарат бар. 

Ұлттық ұлан академиясы болған жағдайды растады.

“Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында бірінші курс курсанттарының арасында болған жанжалға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан бірнеше курсанттардың денесі сырылып, көгеріп қалған. Осылайша жеңіл жарақат алған. Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ”, – деп мәлімдеді академия.

Сондай-ақ оқу орны болған жағдайдың анық-қанығын анықтап жатқанын хабарлады.

Академия 1997 жылы Қазақстан ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі ретінде құрылған. 2022 жылы оқу орнына Ұлттық ұлан академиясы мәртебесі берілді. Бұл — еліміздегі әскери кадрларды сегіз мамандық бойынша даярлайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны.

Академияда Қазақстан азаматтарымен қатар, өзге елдердің азаматтары да білім алады. Мәселен, үкіметаралық келісімдерге сәйкес, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап бұл әскери оқу орнында Тәжікстан өкілдері жыл сайын әскери мамандықты тегін меңгереді.

 

 

Талқылау