Арасында 3 жасар бала бар: Петропавлда үш адам жаздық үйде тірідей жанып кетті
Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам тірідей жанып кеті. Қаза болғандардың арасында үш жасар бала бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Қайғылы оқиға Петропавлдағы Жұмысшы кентінде қазанның 6-сы күні түнгі сағат 03:16-да болған. Өрт ескі "жазғы үйде" басталған. Кейін тілсіз жау жақын орналасқан тағы бір баспана мен көрші үйдің қорасына ауысқан. Жалпы от 84 шаршы метр аумақты шарпып өткен.
Фото: Stan.kz
"Тілсіз жаумен 20 адам күрескен. Тағы алты техника жұмылдырылды. Өрт 04:12-де оқшауланып, 05:29-да толығымен сөндірілді. Отты сөндіру барысында 2021 жылы туған қыз баланың, 1979 жылы туған ер адамның және 1985 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.
Фото: Stan.kz
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды мен Павлодар облыстарының шекарасында 3 мың гектар болатын өрт шыққаны туралы жазған едік.